Оралда "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" үш ер адамға іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" үш ер адамға іздеу жарияланды Фото: Орал ПБ

WhatsApp мессенджерінде Оралдағы Абай полиция бөлімінің ақпараты тарап жатыр. Онда үш ер адам "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" іздестіріліп жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp мессенджерінде Оралдағы Абай полиция бөлімінің ақпараты тарап жатыр. Онда үш ер адам "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" іздестіріліп жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Олардың қандай қылмысы үшін іздестіріліп жатқаны белгісіз. Бұл ақпаратпен қатар Оралда адам өлтірілгені және соған қатысты осы адамдар іздестіріліп жатқаны айтылған аудио хабарлама да тарап жатыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, "2 ақпанда сағат 08:10-да Дәулеткерей көшесіндегі үйлердің бірінің маңынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды".

Алайда ведомство бұл қылмыстың таратылған іздеу ақпаратына қатысы бар-жоғын нақтыламай отыр.

"Абай полиция басқармасы адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған қылмысты ашуға және күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Басқа мәліметтер ҚР ҚК-ның 201-бабына сәйкес, жарияланбайды, - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети