17 сәуір 2014 | 21:09

Оралда атыс кезінде екі адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға болған орын. Сурет uralskweek.kz сайтынан алынды Оқиға болған орын. Сурет uralskweek.kz сайтынан алынды

17 сәуірде Оралда атыс болып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

17 сәуірде Оралда атыс болып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Әбілқайыр хан даңғылы мен Сергей Тюленин көшесінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жол жиегіне басқа мемлекеттің мемлекеттік нөмірін таққан бір джип көлігі тоқтаған. Автокөлікке бір топ жігіт жақындап, машинада отырған азаматпен әлдебір мәселені талқылаған. Бір мезетте көлікте отырған азамат терезесінен тапанша шығарып, ата бастаған. Артынша әлгі көлік оқиға болған жерден жасырынып үлгеріпті. 

Осының салдарынан 2 азамат жарақат алып, облыстық емханаға жеткізілді. Журналистер зардап шеккендердің біреуімен тілдесуге мүмкіндік алды. 25 жастағы оралдық тұрғынға джиптегі адам көлікке отыруды талап еткен. Бірақ жігіт танымайтын азаматтың машинасына мінуден бас тартыпты. Осы сәтте әлгі адам бұларға қарата 3 рет оқ атқан. Қазір Оралда орын алған оқиға қатысты тексеру жүргізілуде.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети