Оралда әйелді қағып өлтірген бизнесмен қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда әйелді қағып өлтірген бизнесмен қамауға алынды © Tengrinews.kz

Орал қалалық соты жаяу жүргіншілерге арналған жерде екі баланың анасы Евгения Бондаренконы қағып өлтірген 37 жастағы бизнесмен Александр Карагойшинға қатысты санкция шығарды. Судьяның айтуына қарағанда, "Жиенбай" ЖШС директоры қылмыстық қудалаудан қашып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қалалық соты жаяу жүргіншілерге арналған жерде екі баланың анасы Евгения Бондаренконы қағып өлтірген 37 жастағы бизнесмен Александр Карагойшинға қатысты санкция шығарды. Судьяның айтуына қарағанда, "Жиенбай" ЖШС директоры қылмыстық қудалаудан қашып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттағылар Карайгойшин жасады деген қылмыстық әрекеттің ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сәйкес келетінін айтады.

Тергеу органдары кәсіпкердің қамауға алынуын сұрады. Прокуратура өкілдері өз кезегінде ер адамның бостандықта жүруі тергеуге кедергі келтіріп, оның тергеу мен соттан жасырынуы мүмкін екенін айтты.

Ал қаза болған Евгения Бондаренконың заңды өкілдері бұл өтінішті қолдамайтындарын мәлімдеді. Айта кетейік, оларға материалдық және моральдық шығын толық көлемде төленген болатын, олардың енді кәсіпкерге еш шағымы жоқ.

"Менің қорғалушым өз кінәсін толықтай мойындап, қаза тапқан әйелдің туыстарынан кешірім сұрайды. Оның тұрғылықты мекенжайы бар, осыған дейін сотты болмаған және кішкентай балалары бар. Оны кепілмен бостандыққа шығаруларыңызды сұраймын", - деді адвокат.

Бірақ судья прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, Александр Карагойшинды екі айға қамауға алу туралы санкция шығарды.

Еске сала кетейік, 11 қарашада кешкі уақытта Александр Карагойшин Toyota Land Cruiser көлігімен 31 жастағы Евгения Бондаренконы қағып өлтірген болатын. Әйел сол сәтте қызына дәрі алуға дәріханаға бара жатқан. Оның артында екі қызы қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети