Оралда бопсалаушылар ұсталған сәт видеоға түсірілді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті Орал қаласының екі тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Операцияға полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қатысты.

Күдіктілерді ұстаған сәт видеоға түсіп қалған. Кадрда қауіпсіздік қызметкерлері долларларды қайта санап жатқаны көрінеді. Полиция 22 қазанда күдіктілер жәбірленушіден ақша алған кезде ұсталғаны хабарланды. Тінту кезінде заттай дәлелдер алынды.

"Криминалдық полиция басқармасына Орал қаласының 41 және 35 жастағы екі тұрғынының зорлық-зомбылық көрсетіп, 40 жастағы тұрғыннан екі миллион теңге қорқытып алатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді, ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінің басқа да жайлары анықталды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу ұсталғандардың қылмысынан зардап шеккен адамдарды анықтап, олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Осы бап бойынша күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети