Оралда бірнеше тендерді ұтып алған кәсіпкер сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда бірнеше тендерді ұтып алған кәсіпкер сотталды Иллюстрациялық фото: t-l.ru

Орал қалалық соты бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деп айыпталған кәсіпкер Аманжол Көнеевке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қалалық соты бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деп айыпталған кәсіпкер Аманжол Көнеевке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, "Марасант" ЖШС және "Бірлік" ЖШС-нің басшысы Аманжол Көнеев шот-фактураларды пайдаланып, кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған деректерді декларацияға егізіп, салық төлеуден жалтарған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 1,6 миллиард теңге.

"Сот үкімімен Көнеев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі, бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша кінәсіз деп танылды және ақталды. Қылмыстық кодекстің 245-бабы, 3-бөлігі бойынша салық төлеуден жалтару фактісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін", - деп судья үкімді оқып берді.

Аманжол Көнеев үш жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, сот жауапкерді мемлекет кірісіне 1,6 миллиард теңге өндіруге міндеттеп, прокуратураның азаматтық талап арызын қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети