Оралда дене шынықтыру мұғалімі мүгедек балаларды доппен ұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда дене шынықтыру мұғалімі мүгедек балаларды доппен ұрған

Орал интернатында мүгедек балаларды доппен ұрған дене шынықтыру мұғалімі қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал интернатында мүгедек балаларды доппен ұрған дене шынықтыру мұғалімі қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Істің мән-жайын тілшімізге Орал прокуратурасы хабарлады.

Ер адам облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта мұғалім болып жұмыс істегені белгілі.

"Сабақ барысында ол балаларды допты ұрып-соғу арқылы күш қолдану әрекеттерін жүйелі түрде қолданған", - деп атап өтті қадағалау органы.

Бұл дерек тексеру кезінде анықталды. Мұғалімге қатысты ҚК "Азаптау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда көп ұзамай полиция қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты істі жауып тастады, себебі ата-аналардан арыз түскен жоқ.

"Прокуратура бұл шешіммен келіспей, істі сотқа жіберді. Орал қалалық сотының үкімімен мектеп-интернаттың бұрынғы мұғалімі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны және қатыгез әрекеті үшін 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети