Оралда директор балабақша мүлкін заңсыз иеленген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда директор балабақша мүлкін заңсыз иеленген © mgorod.kz

Оралда балабақша директоры қызметтік өкілін теріс пайдаланғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Мой Город" басылымы қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда балабақша директоры қызметтік өкілін теріс пайдаланғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Мой Город" басылымы қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орал" қалалық прокуратурасы "№15 "Ақбота" мектепке дейінгі ұйым" МҚК-да балалардың құқығы мен мүддесінің заңдылығының сақталуы бойынша тексеріс өткізілді. Тексеріс кезінде мектепке дейінгі мекеменің директоры Камешеваның сеніп тапсырылған мүлікті жаратқаны немесе иеленгені белгілі болды",- делінген прокуратураның хабарламасында.  

Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, қала прокуратурасы бұл деректі соталды тергеудің бірыңғай реестріне "Қызметтік өкілін теріс пайдалану" бабы бойынша тіркеген және алдын ала тергеуге БҚО бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментке жолданған.

Орал қалалық сотының 9 қыркүйекте шығарған үкіміне сәйкес, мектепке дейінгі мекеменің директоры Камешова қылмысты жасады деп танылып, оған жер мүлкін тәркілеу арқылы 700 АЕК көлемінде айыппұл салынды, сонымен қатар, оған белгілі бір қызметтерде болу құқығынан айыру туралы жаза кесілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети