09 ақпан 2017 | 14:51

Оралда ер адамды тірідей өртеп жібергендерге қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ер адамды өлтіріп, азық-түлік дүкенін тонап кеткендер сотталды, - деп хабарлайды "Мой город". БАҚ-тың мәліметінше, оқиға 2016 жылдың 22 тамызында қала орталығындағы "Руслан" дүкенінің маңында болған.


Иконка комментария блок соц сети

Оралда ер адамды өлтіріп, азық-түлік дүкенін тонап кеткендер сотталды, - деп хабарлайды "Мой город". БАҚ-тың мәліметінше, оқиға 2016 жылдың 22 тамызында қала орталығындағы "Руслан" дүкенінің маңында болған.

Ер адамдар көшеде жанжалдасып, бірі қарсыласының басынан шөлмекпен ұрған, кейін басына соққы алған жәбірленуші Берік Иманов қашып кеткен. 

23 жастағы Алексей Калашников пен оның 33 жастағы өгей әкесі Алексей Хватов Имановты ұстап алып, шешесін қорлағаны үшін жазалағысы келеді. Сөйтіп, олар мас күйде Имановтың үйіне келеді. Ер адам болса үй ауласында ұйықтап жатқан. Хватов пен Калашников оны ұрып-соғып, кейін қораға апарып, тірідей өртеп жіберген. Осыдан кейін қаскөйлер оқиға орнынан қашып кеткен. Имановтың көршілері өрт шыққанын байқап, полиция мен жедел жәрдемді шақырған. Иманов алған жарақатынан 2016 жылдың 23 тамызында ауруханада көз жұмған. Айта кетейік, 2016 жылдың 3 қазанында Калашников Мичурин ауылындағы дүкеннен 158 мың теңге ұрлап кеткен.

Жақында оларға қатысты сот үкімі шықты. Хватов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыс жасады деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, ол ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделеді. Калашников болса ҚР Қылмыстық кодексінің 99 ("Адам өлтіру") және 188-баптары ("Ұрлық") бойынша айыпты деп танылды. Сөйтіп, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Қаскөйлердің бірі Калашников бұған дейін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық баптары бойынша сотталған екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети