Оралда гастролер-ұрылар ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған

Оралда полицейлер ақша мен алтын бұйымдарды тонап кеткен атыраулық гастролер-ұрыларды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда полицейлер ақша мен алтын бұйымдарды тонап кеткен атыраулық гастролер-ұрыларды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Залал сомасы - төрт миллион теңге. Қылмыскерлер ұсталған, ұрланған заттардың кейбіреуі тәркіленген.

"Қазір екі оқиға бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оралда 24 және 25 жастағы екі азамат пластик терезені бұзып, Деркөл ауылындағы үйге кіріп, бір миллион теңге, 30 жастағы әйелге тиесілі алтын бұйымдар мен ноутбукты әкеткен. Сондай-ақ, екі күдікті Зачаганск кентінде орналасқан үйге кіріп, 240 000 теңге, 100 еуро және 69 жастағы тұрғынға тиесілі алтын бұйымдарды ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталған. Осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети