Барох Питер. ©uralskweek.kz/Рауль Упоров
Оралда жас қыздарды бұзды деп айыпталған ағылшын 9 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасаған "Мой город" порталы. Британдық Барох Питер қазір үш сөткеге қамауға алынған. Прокуратурадағылардың айтуынша, олар тұтқындау санкциясын алу үшін соттан рұқсат сұрамақшы. Кеше, 7 ақпанда облыстық сотта осы іс бойынша күдіктінің адвокаты шағымына Орал прокуратурасының қарсылығы жөніндегі іс қаралды. Сот шешім шығарған соң, прокуратура қарсылығы қанағаттандырылды деп мәлімдеді. "Порнодеректер даярлау туралы" баптан тыс қалалық прокуратураның талап етуі бойынша ағылшынның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Ол "Кәмелетке жасы толмағандарды бірінші рет теріс жолға итермелеп тұрған жоқ" деген бапқа қатысты. Еске сала кетелік, 14 қаңтарда алтыншы сыныпта оқитын 2001 жылғы қызының жыныстық қатынас туралы ұялы телефонда тіркелген жазбаларын байқаған анасы полицейлерге шағым түсірген. Осыған байланысты құзырлы орган қызметкерлері шетелдік азаматтың ізіне түскен. Тергеу барысында "Шағала" қонақ үйінің бөлмесінен флешкадағы жазбаларды шағын ток пешке тығып құртпақшы болған күдікті ұсталды. Ол аймақтағы мұнай өңдейтін компаниялардың бірінде жұмыс істейтін Ұлыбританияның отыз сегіз жастағы азаматы болып шықты. Аталған фактіге байланысты "Кәмелет жасқа толмаған қыздардың порносуреті мен құжаттарын даярлау мен айналымға шығару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда шетелдіктің қорғаушысы оған қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді дереу тоқтату жөнінде сотқа шағымданып, сонымен қатар тергеушілердің қонақ үй нөмірін тексеруін заңсыз деп табуды сұраған. Алдында Орал соты адвокаттың өтінішін жекелей қанағаттандырып, тергеушінің оқиға орынын тексеру әрекетін заңсыз деп тапқан, дегенмен қылмыстық іс бойынша тергеуді тоқтату жөніндегі талабын орындамады. Ағылшын азаматы "Жайықмұнай" ЖШС-нің құрылыс саласы маманы боп жұмыс істейді және "Шағала" қонақүйіне уақытша тұрақтаған.
Оралда жас қыздарды бұзды деп айыпталған ағылшын 9 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасаған "Мой город" порталы.
Британдық Барох Питер қазір үш сөткеге қамауға алынған. Прокуратурадағылардың айтуынша, олар тұтқындау санкциясын алу үшін соттан рұқсат сұрамақшы. Кеше, 7 ақпанда облыстық сотта осы іс бойынша күдіктінің адвокаты шағымына Орал прокуратурасының қарсылығы жөніндегі іс қаралды. Сот шешім шығарған соң, прокуратура қарсылығы қанағаттандырылды деп мәлімдеді. "Порнодеректер даярлау туралы" баптан тыс қалалық прокуратураның талап етуі бойынша ағылшынның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Ол "Кәмелетке жасы толмағандарды бірінші рет теріс жолға итермелеп тұрған жоқ" деген бапқа қатысты.
Еске сала кетелік, 14 қаңтарда алтыншы сыныпта оқитын 2001 жылғы қызының жыныстық қатынас туралы ұялы телефонда тіркелген жазбаларын байқаған анасы полицейлерге шағым түсірген. Осыған байланысты құзырлы орган қызметкерлері шетелдік азаматтың ізіне түскен. Тергеу барысында "Шағала" қонақ үйінің бөлмесінен флешкадағы жазбаларды шағын ток пешке тығып құртпақшы болған күдікті ұсталды. Ол аймақтағы мұнай өңдейтін компаниялардың бірінде жұмыс істейтін Ұлыбританияның отыз сегіз жастағы азаматы болып шықты. Аталған фактіге байланысты "Кәмелет жасқа толмаған қыздардың порносуреті мен құжаттарын даярлау мен айналымға шығару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Алайда шетелдіктің қорғаушысы оған қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді дереу тоқтату жөнінде сотқа шағымданып, сонымен қатар тергеушілердің қонақ үй нөмірін тексеруін заңсыз деп табуды сұраған.
Алдында Орал соты адвокаттың өтінішін жекелей қанағаттандырып, тергеушінің оқиға орынын тексеру әрекетін заңсыз деп тапқан, дегенмен қылмыстық іс бойынша тергеуді тоқтату жөніндегі талабын орындамады.
Ағылшын азаматы "Жайықмұнай" ЖШС-нің құрылыс саласы маманы боп жұмыс істейді және "Шағала" қонақүйіне уақытша тұрақтаған.