Оралда қаскүнемнің сатушыға пышақ салған сәті видеоға түсіп қалған

viewings icon 1045 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрынан Видео кадрынан

Оралдағы ұялы байланыс салонына жасалған шабуыл туралы тың деректер шықты. Желіде жарияланған видеода дүкенге келуші сатушыға бірнеше рет пышақ сұққаны көрінеді. 31 жастағы кәсіпкер әлі де ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралдағы ұялы байланыс салонына жасалған шабуыл туралы тың деректер шықты. Желіде жарияланған видеода дүкенге келуші сатушыға бірнеше рет пышақ сұққаны көрінеді. 31 жастағы кәсіпкер әлі де ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеодан 23 наурызда "Мобильник" ұялы байланыс салонына ер адамның кіргенін көруге болады. Ол сатушымен сөйлесіп, телефондар мен оның аксессуарларын көрсетуді сұрайды. Сатушы артқа бұрыла бергенде қаскүнем пышағын шығарып, беліне бірнеше рет сұққан. 

"Оған дейін қылмыскер дүкенде 40 минут бойы жүрген. Телефон таңдап жатқандай болыпты. Ол сатушының арқасынан екі рет пышақтап, қарап тұрған телефонын алған да, қашып кеткен. Ер адам осындай қылмысы үшін үш рет сотталғанын білдік. Ол бұл шабуылға дайындалған", - деді зардап шегушінің танысы Владимир. 

31 жастағы сатушы қалалық көпсалалы аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін төрт сағат бойы арпалысты. Пациенттің қолқасы зақымданып, көп қан жоғалтқан. 

"Науқасқа ота жасалды. Жағдайы ауыр. Хирургия бөліміне ауыстырылды. Өзіне келді, өзі дем ала алады", - дейді қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Бақтияр Ташкенбаев.

Полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ұсталған күдікті полиция басқармасында уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
11°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю