Оралда кәсіпкер өлтірілген жерде тергеу шаралары жүргізілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
mgorod.kz mgorod.kz

Орал полицейлері кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірген жерде тергеу шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орал полицейлері кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірген жерде тергеу шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 9 тамыз таңғы 10:00 шамасында тергеушілер Исатай-Махамбет көшесінде орналасқан "Рахат-лукум" дәмханасының аумағына келіп, кәсіпкер Мұханғалиевтің өліміне қатысты тергеу жүргізген. Тергеу алаңы қоршалып, полиция қызметкерлері кезекшілікте тұрды. Сәлден соң қылмыстың басты күдіктісі 31 жастағы Руслан Қожантаев тергеу орнына жеткізілді. 

Тергеушілер мен арнайы жасақ оны алдымен дәмханаға, кейіннен көлік тұрағына апарды. Онда ол қансырап жатқан Еркін Мұханғалиевке пышақ жарақатын қалай салғанын көрсетті.

Одан әрі Қожантаевты қарулы күзет қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесінің бойымен алып кетті. Ол бұл көшеде қылмыс жасаған соң қалай қашып кеткенін көрсетті. Тергеу барысында күдікті байсалды, ақырын сөйлеп, полиция қызметкерлерінің барлық бұйрығын орындады.

Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Күдіктілердің жеке басы анықталды - олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Оралдан шығатын және кіретін жолдарды полицейлер тексеріп, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексерілді. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылды.

Артынша  оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған еді. Кадрда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенеттен жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алады. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар оны қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro