08 тамыз 2022 | 10:36

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерді іздеуге әскерилер қосылды

Дина Шарипханова Корреспондент
mgorod.kz

Оралда жергілікті кәсіпкер Еркін Муханғалиевті өлтірді деген күдіктілерді іздеуге Ұлттық ұланның әскерилері тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда жергілікті кәсіпкер Еркін Муханғалиевті өлтірді деген күдіктілерді іздеуге Ұлттық ұланның әскерилері тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскерлерді ұстауға Ұлттық ұланға қарасты 5517 әскери бөлімінің (ішкі әскер) әскери қызметшілері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта қаланың барлық шығаберіс-кіреберіс жолдарын полиция тексеріп, күдіктілер жасырынуы мүмкін барлық жер пысықталып жатыр. 

"Барлық жеке құрам мен бекітілген күштер бағытталды. Күдікті болуы мүмкін немесе олардың нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, "102" пультіне немесе 98-45-30 телефонына хабарласа аласыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - деді полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұл оқиға 6 тамызда кешке болған. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Күдіктілердің жеке басы анықталды - олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Оралдағы бизнесменнің өлімі: оқиғаның видеосы жарияланды

Қазіргі уақытта Оралдан шығатын және кіретін жолдарды полицейлер тексеріп, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексеріліп жатыр. Қылмыскерлерді ұстауға Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная