Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Оралдағы бизнесменнің өлімі: оқиғаның видеосы жарияланды 08 тамыз 2022, 08:49

Желіде кәсіпкер Еркін Мұханғалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Видео кадры Видео кадры

Желіде кәсіпкер Еркін Мұханғалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook-те жариялады.

"Жатпай-тұрмай бизнес жасайсың. Тұрақты түрде салық төлейсің, бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етесің, ешкімнен ешнәрсе сұрамай отбасыңды асырайсың, жақындарыңа көмектесесің, басқа кәсіпкерлердің жұмысы жүру үшін шикізат пен тауарлар сатып аласың, елдің дамуына үлес қосасың.

Осының барлығы қарақшылардың кесірінен әп-сәтте жоқ болады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен жалпы Үкімет бұл істі мұқият тексеріп, зерделеуі қажет. Мәселе тек адам өлтіруде емес, бұл оқиға қылмыскерлердің алдында "кәсіпкерлер осал" деген үлкен проблеманы әшкереледі. Егер осындай бұзақылар келіп, өз тәртібімен қызметтерін ұсынса, қорқытса кім шағын бизнеспен айналысады?", - деп жазды ол.

Кадрларда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп отырғаны көрсетілген. Кенеттен жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алады. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар оны қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Еске салайық, бұл оқиға 6 тамызда кешке болған. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Күдіктілердің жеке басы анықталды - олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Қазіргі уақытта Оралдан шығатын және кіретін жолдарды полицейлер тексеріп, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексеріліп жатыр. Қылмыскерлерді ұстауға Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram