Оралда Семейден екі жасар үлын алып кетпек болған Ақерке Қозыкешованы біреулер өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Оралда Семейден екі жасар үлын алып кетпек болған Ақерке Қозыкешованы біреулер өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Басылымның мәліметінше, келіншекті өзінің қайын атасы өлтірді деген күдік бар.
"Ақеркені мәйітханада көргенде танымай қалдық. Бетінен бет қалмаған - ұрып-соққан, басында да жарақаттар бар, денесі көгерген, кеудесіне пышақ салынған. Сот-медициналық сараптама Еркенің қабырғалары сынғанын көрсетті", - дейді қайтыс болған қыздың туысы.
Туыстарының айтуынша, олар күйеуімен 2015 жылы танысып, отбасы құрған. 2016 жылы отбасында ұл дүниеге келген. Ал 2017 жылдың қазанында Ақерке пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскен. Қыз сол кезде оны күйеуі жасағанын айтқан. Бірақ кейінірек бұл іс жабылған.
Ерлі-зайыпты 2018 жылдың ақпанында ажырасқан. Келіншек ұлымен бірге Семейге кетіп қалған. Артынша күйеуі келіп ұлын әкеткен. Содан 6 сәуірде Ақерке Оралға келіп, хостелде тоқтаған. Соңғы рет 8 сәуірде туыстарымен байланысқа шыққан.
"Күйеуіне екі күн бойы қоңырау соққан. Ол 8 сәуірде баланы өзім әкелемін деп уәде берген. Ақерке сағат 2-де хостелден шыққан. Сол күні сағат 5-те БҚО ІІД-не келіншектің қайын атасы келіп, келініне баланы бермеу үшін оны пышақтағанын айтқан", - дейді қайтыс болған келіншектің туысы.
БҚО ІІД өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.