30 шілде 2018 | 18:26

Оралда келінін аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы. © uralskweek.kz Tengrinews.kz фотоколлажы. © uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 51 жастағы Асылбек Омаровтың ісіне қатысты үкім шығарылды. Ер адам өзінің бұрынғы келіні, 27 жастағы Ақерке Қозыкешованы өлтірді деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 51 жастағы Асылбек Омаровтың ісіне қатысты үкім шығарылды. Ер адам өзінің бұрынғы келіні, 27 жастағы Ақерке Қозыкешованы өлтірді деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Омаров кісі өліміне кінәлі деп танылды. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады. Айыпталушы 1,4 миллион теңге көлемінде материалдық және 5 миллион теңге моральдық шығынды өтеуге міндетті", - деп хабарлады судья Бақыт Ермұханов.

Атышулы қылмыс 2018 жылы 8 сәуірде жасалған. Семейлік Ақерке Қозыкешова екі жастағы ұлын алып кету үшін Оралға барған, баланы оның бұрынғы күйеуі алып кетіпті.

Асылбек Омаров сотта түсінік беріп, сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Судья Бақыт Ермұханов оның алдын ала тыңдалымда берген түсінігін оқып шықты.

"Оны өлтірейін деген жоқпын. Онымен сөйлесейін деп едім, маған тіл тигізе бастады", - деп оқыды судья Асылбек Омаровтың түсінігін.


Айыпталушы Асылбек Омаров үкімді тыңдап тұр.

Процессуалдық прокурор Ержан Құрманғалиев әйелдің соңғы күні туралы айтып берді.

"Қозыкешова құлағанда ол оны кіреберіске сүйреп, сол жерде аяғымен және қолымен ұра берген. Осыдан кейін шолақ шалбарының бауын алып, әйелді қылқындырған. Қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу үшін ас үйден темір пышақты алып жүрегінің тұсына салған", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оралды семейлік Ақерке Қозыкешованың аяусыз өлтірілгені хабарланған болатын, әйел бұрынғы қайын жұртынан екі жастағы ұлын алып кетпекші болған.

"Біз мәйітханада Ақеркені көргенде танымай қалдық. Түрінен түр жоқ - бәрі сынған, басы жарылған, денесі көгерген, кеудесі пышақпен тесілген. Сотмедсарапшы Еркеміздің барлық қабырғасының сынғанын айтты", - деді қайтыс болған әйелдің туысы.

Ақерке Қозыкешованы өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуінің әкесі ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети