06 қыркүйек 2021 | 12:53

Оралда медицина қызметкері 15-тен аса жалған вакцинация паспортын жасаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Оралда медицина қызметкері 15-тен аса жалған вакцинация паспортын жасап сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда медицина қызметкері 15-тен аса жалған вакцинация паспортын жасап сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік департаменті Орал қаласындағы емханалардың бірінің қызметкері жалған екпе төлқұжаттарын жасағанын анықтады.

Медицина қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы ақшалай сыйақы алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің "Вакцинация" электрон модуліне екпе салғызу туралы жалған ақпаратты енгізді", - делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, екпе төлқұжаттарына тапсырыс берушілердің негізгі бөлігі мектепке дейінгі ұйымдар мен сауда қызметкерлері.

Реклама
Реклама

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, республиканың 13 облысында барлығы 26 соталды тергеу басталған. 86 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная