Оралда облыстық спорт басқармасының экс-басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағановтың адвокаты Абзал Құспан шенеуніктің ұсталған сәтін видеоға түсірген. Адвокат іс Қостанай облыстық сотының алқасында қаралғаны туралы ақпарат алғаннан кейін клиенттің үйіне барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағановтың адвокаты Абзал Құспан шенеуніктің ұсталған сәтін видеоға түсірген. Адвокат іс Қостанай облыстық сотының алқасында қаралғаны туралы ақпарат алғаннан кейін клиенттің үйіне барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңгер үйді полицейлер қоршап алғанын мәлімдеді. 

"Мүслім Оңдағанов үйінде заттарын жинап, түзету мекемесіне қайта баруға дайындалып жатты. Осыған қарамастан, арнайы жасақ есікті бұзып кірді. Олар ішке кіріп, оның отбасының барлық мүшесін, оның ішінде 64 жастағы зейнеткер ағасын жерге жатқызды. Бастарына автомат тақады. Олар, тіпті, кішкентай балаларды да аямады, олар бұл жағдайдан қорқып, жылай бастады. Кейбір зат бүлінген, ал кейбірі ұрланған, қазір ұрланған заттардың тізімі жасалып жатыр. Зейнеткер ағасы  ауруханаға жеткізілді", - деді Абзал Құспан.

Қазір қорғаушы апелляциялық шағым дайындап жатыр. Онда ол сот орындаушысы Папашева Оңдағанов жапқан залалды дұрыс көрсеткенін айтты. Залал - 51 миллион теңге.

"Залалдың жалпы сомасының төленбеген бөлігі 67 миллион теңге емес, одан да аз. Мен ұсынған және іс материалдарында сотталған басқа адамдарға, Бекарыстанов пен Жетпісовке қатысты қаулы бар, олар келтірілген залалдың бір бөлігін төлеп, шартты түрде босатылған. Сондай-ақ, ай сайын олардың жалақысының бір бөлігін сот орындаушылары ұстап қалады", - деді адвокат.

Айта кетейік, Мүслім Оңдағанов 19 тамызда үйінде ұсталған болатын. Бұған себеп - қылмыстық іс бойынша төленбеген залал. Бұл шешімді Қостанай облыстық сотының алқасы шығарған.  

Шенеунік 2014 жылы 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол ұйымдастырылған топтың құрамында болып, 2009-2012 жылдар арасында 200 миллион теңгеден аса қаражат ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл дерек бойынша 35 адам істі болған еді. 

Кейін Оңдағановтың мерзімі 9 жыл, 9 айға қысқартылған. Шенеунік 7 жыл, 3 айын түрмеде өткізді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro