Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Оралда пара алған екі полицей ұсталды

24 Ақпан 2015, 11:02
0
Оқиға орны. © "Мой город" порталы
Оқиға орны. © "Мой город" порталы
Оқиға орны. © "Мой город" порталы
Оқиға орны. © "Мой город" порталы
Оқиға орны. © "Мой город" порталы
Оқиға орны. © "Мой город" порталы

Оралда пара алған екі жол полицейі ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Оларды Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары қолға түсірді.

Порталдың хабарлауынша, полицейлер Әбілқайыр хан мен Циолковский көшелерінің қиылысында кешкі сағат 17.00 шамасында ұсталған. Олар жүргізуші куәлігінен айырылған қыздан 50 мың теңге пара алыпты.

Портал тілшілері оқиға орнына барғанда басқарма қызметкерлері тергеу шараларын жүргізіп жатқан. Басқарма басшысы Жасталап Сағадетовтің айтуынша, олар көлік жүргізу құқығынан айырылған қызды тоқтатқан, екі полицей ол қыздан 50 мың теңге көлемінде пара алған.

Ұсталған екі полицей әкімшілік хаттама толтырып, қызды жауапкершілікке тартпау үшін одан ақша алуға шешім қабылдапты. Басқарма мамандары жол-патруль полициясы көлігін тінту барысында ақшаны тауып, тәркіледі. 

Мұндай жолда жүру ережесі бұзылған кезде полицейлер көлікке тыйым салуы тиіс. Басқарма басшының сөзіне қарағанда, пара алған полицейлер 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай