03 сәуір 2017 11:11

Оралда полицейді баспен ұрған жігіт сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото с сайта misanec.ru Фото с сайта misanec.ru

Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны полиция бөлімшесінде баспен ұрып, құқық қорғау органы қызметкерінің мұрнын сындырған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны полиция бөлімшесінде баспен ұрып, құқық қорғау органы қызметкерінің мұрнын сындырған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметі бойынша, оқиға 2016 жылдың 17 желтоқсанында болған. 

"Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталған Шуравлев дәмханада отырып, мас күйінде келушілерді балағаттап, бармен қызды ұрған. Шуравлев Орал қаласының ішкі істер басқармасына жеткізілгеннен кейін де бұзақылығын қоймады және полиция қызметкерінің мұрнынан баспен ұрған", -  дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сот үкімімен Шуравлев ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық", 379-бабының 1-бөлігі "Билік өкіліне бағынбау" және 380-баптың 1-бөлігі "Билік өкіліне күш қолдану" бойынша айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети