25 қазан 2021 17:47

Оралда полицейге пара беру әрекеті видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Оралда полицейге пара беру әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мои город" сайтына сілтеме жасап.


Оралда полицейге пара беру әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мои город" сайтына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Дарьинск ауылында жалған құжат дайындаған күдікті Приурал ПБ тергеу бөлімі бастығының қабылдауына келіп, оған қылмыстық жауапкершілікке тартылмас үшін 300 мың теңге және 50 доллар көлемінде пара беруге тырысқан.

"Аталған эпизод полиция қызметкерлерінің кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау камераларымен тіркелген. Бөлім оқиға туралы хаттама толтырып, пара беруші ұсталды, оған қатысты ҚР ҚК 367-бабы "Пара беру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Полиция департаменті шенеунікке пара беру қылмыстық іс екенін ескертеді және бұл қылмысты жасаудан аулақ болуды ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети