31 желтоқсан 2020 09:13

Оралда полицейлерден қашқан сот орындаушысы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Оралда полицейлер мас жүргізушіні ұстады. Ол жергілікті сот орындаушысы болып шыққан, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Оралда полицейлер мас жүргізушіні ұстады. Ол жергілікті сот орындаушысы болып шыққан, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Оқиға 30 желтоқсанда түнде болған. Полицейлер Toyota маркалы көлігін тоқтатқан, жүргізуші - 33 жастағы қала тұрғыны.  

"Әңгімелесу кезінде ер адам мас екені анықталды, алайда ол медициналық айғақтаудан өтуден бас тартты. Осыған байланысты полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы бойынша хаттама толтырып, шешім шығару үшін Орал сотына жіберді", - дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мас жүргізушіні ұстау кезінде полицейлер кісен қолдануға мәжбүр болған, себебі ер адам қарсыласып, қашып кетуге тырысып, тәртіп сақшыларына тіл тигізген. Кейін ол БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сот орындаушысы Алтынбек Бикмухамбетов екені анықталған. 

Құқықбұзушының көлігі айып тұрағына жеткізілді. Ал жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы бойынша тағы бір хаттама толтырылды.

Журналистер Батыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшысының орынбасары Әділ Сюнтиевпен байланысқа шықты. Ол полицейлерден қашқан қызметкер палатадан шығарылуы мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети