Оралда полиция капитаны адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда полиция капитаны адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен "Мой ГОРОД"

Оралда полицей адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда полицей адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Тергеу бөлімінің басшысы Ерлан Жақсыбаевтың айтуынша, 18 қыркүйекке қараған түні Оралда Момышұлы көшесінде жол апаты орын алып, салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

"Оқиғаға кінәлі адам қашып кетті, ҚР Қылмыстық қодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және Қылмысық кодекстің ҚР ҚК 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргіздік, нәтижесінде қылмысты жасаған адам анықталды. Ол біздің қазіргі полиция қызметкері. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен Hyundai көлігі айып тұрағына қамалды. Ол қызметкер болғанына қарамастан, біз қатаң шаралар қабылдадық және оны уақытша ұстау изоляторына қамадық. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деді Мирхат Әженов.

Оның айтуынша, бұл іс департамент басшылығының ғана емес, Ішкі істер министрлігі басшылығының да бақылауында. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды.

"Ол айғақ беруден бас тартты. Бірақ қылмыс жасағанын мойындады. Оқиғаның басқа аспектілері анықталатын болады", - деді Әженов.

Ведомство көлікті полиция капитаны шеніндегі учаскелік полиция қызметкері басқарғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети