01 наурыз 2020 | 10:20

Оралда полицияның жүкті қызметкері ұрыны ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда аға лейтенант Шолпан Серікова ұзақ уақыт бойы жасырынып жүрген қаскөйді жалғыз өзі ұстады. Полициядағылар 25 жастағы тергеушінің жүкті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Оралда аға лейтенант Шолпан Серікова ұзақ уақыт бойы жасырынып жүрген қаскөйді жалғыз өзі ұстады. Полициядағылар 25 жастағы тергеушінің жүкті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция өкілдері тергеу сотының кәмелетке толмаған күдіктіні үй қамағында ұстау санкциясын бергенін айтты. Алайда ол сол күні ізін суытқан. Жігіт қаладағы кафелердің бірінен құны 100 мың теңгеден асатын ұялы телефонды ұрлап кеткен. Сонымен қатар, ол бұрындары бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сегіз іске қатысы бар деген күдікке ілінген. 

"Аға лейтенант Серікова жұмысқа қоғамдық көлікпен бара жатқан. Ол автобус салонында күдіктін байқап қалған. Ол ешкімге білдіртпей өз әріптестеріне хабарлап үлгерген, автобустан шыққан уақытта жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген БҚО ПД баспасөз қызмтенің өкілдері. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі ("Ұрлық") бойынша жүріп жатыр. Жігіт жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети