Оралда "Қазпошта" қызметкерлері мүгедек балалардың есепшотынан 22 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда "Қазпошта" қызметкерлері мүгедек балалардың есепшотынан 22 миллион теңге жымқырған Фото Тengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды

Оралда жетім және мүгедек балалардың есепшотынан 22 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырған "Қазпоштаның" тоғыз қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жетім және мүгедек балалардың есепшотынан 22 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырған "Қазпоштаның" тоғыз қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, материалдық жауапты тұлға болған "Қазпоштаның" тоғыз қызметкері, өздерінің "Колвир" жүйесіндегі логині арқылы, жалған құжат жасап, жетімдер мен мүгедек балалардың ақшасын ұрлаған. "Соның салдарынан "Қазпошта" АҚ-ға 21 780 234 теңге залал келді", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, "Қазпошта" АҚ филиалының операциялық бөлім бастығы жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейді. Тағы бір қызметкер бес жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленетін болды.
"Одан өзге үш қызметкерге қатысты шартты мерзім кесілді. Сонымен қатар екі қызметкердің бір жыл мерзімге бостандығы шектелді. Қалған екі қызметкерге қатысты шығарылған үкімнің орындалуы кейінге қалдырылды. Оларға бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді", - делінген хабарламада.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети