15 ақпан 2022 | 17:56

Оралда студент қызды зорлады деген такси жүргізушісі мен оның танысының соты өтіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Оралда 2021 жылы 8 тамызда студент қызды зорлады деген айыппен "Индрайвер" такси жүргізушісі мен оның танысына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оралда 2021 жылы 8 тамызда студент қызды зорлады деген айыппен "Индрайвер" такси жүргізушісі мен оның танысына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

"Орал қалалық сотына Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау" бойынша П. және Қ. есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс түсті", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сот отырысы басталған, бірақ жабық режимде өтіп жатыр. Қылмыстық кодекске сәйкес, айыпталушылар тоғыз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, былтыр тамыздың басында полицияға 26 жастағы қыз арыз түсірген. Жәбірленуші "Индрайвер" қосымшасы арқылы такси шақырғанын айтты. Шақыртуға екі ер адам келген. Ол таксиге отырғанда жүргізуші бағытын өзгертіп, басқа жаққа бұрылып кеткен.

"Үйге жетіп қалғанбыз" - Оралда студент қыз таксиде зорланғанын мәлімдеді

Тәртіп сақшылары 26 және 28 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.

Айта кетейік, кейбір БАҚ-та күдіктілер бостандықта жүргені және оларға куәгер мәртебесі берілгені туралы ақпарат жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети