Оралда тәуіп әйел екі сәбидің өліміне кінәлі деп айыпталып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
tmr2004.ru сайтынан tmr2004.ru сайтынан

Оралдық тәуіп екі сәбидің өлімі үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды "Мой город" қалалық прокурордың бас көмекшісі Алмагүл Исмағұловаға сілтеме жасап. Кішкентай сәбилердің бірі өткен жылдың қазанында өлсе, екіншісі 2015 жылдың наурызында қайтыс болған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралдық тәуіп екі сәбидің өлімі үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды "Мой город" қалалық прокурордың бас көмекшісі Алмагүл Исмағұловаға сілтеме жасап. Кішкентай сәбилердің бірі өткен жылдың қазанында өлсе, екіншісі 2015 жылдың наурызында қайтыс болған.

Исмағұлованың айтуынша, 2014 жылы туылған сәби облыстық балалар ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол "жоғары температураның әсері, сасыршөппен 7,5 сағат орап тастаудың салдарынан ісіну, энцефалопатия, үшінші дәрежелі есін жоғалту" диагноздарымен жан сақтау бөліміне жеткізілді. Сәбиді құтқарып қалу мүмкін болмады.

"Тергеу барысында сәбидің анасы Нина деген тәуіп әйелдің кеңесімен баласының денесіне 7,5 сағат бойы сасыршөп ұнтағын қойғаны анықталды. Оның айтуынша, бала көп жөтелген, баласын айықтыру үшін біреулер оған дәстүрлі емес медицина жолымен емдейтін Нина деген тәуіп әйелге баруға кеңес береді. Тәуіп баланы қарап шығып, емдеуге уәде берген. Әйел емі үшін 1000 теңге ақша алған", - деді прокуратура өкілі.

Осы жылдың наурызында тағы бір сәби қайтыс болды. Бұл жолы тәуіп Нина 2015 жылы туылған кішкентай сәбидің ішін лейкопластырьмен орап тастаған. "Ол сәбидің анасына лейкопластырьді он күнге дейін баланың ішінен алмауға кеңес берген. 4 сәуірде бала өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті, кейін жан сақтау бөлімінде қайтыс болды", - деді Исмағұлова. Болған оқиғаларға қатысты "Сертификатсыз немесе заңсыз медициналық қызметпен айналысу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer