Дүкеннің терезесіне қыстырылып қалған ер адам арақ ұрламақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Орал қалалық ІІБ басшысы Манарбек Ғабдуллинге сілтеме жасап.
Дүкеннің терезесіне қыстырылып қалған ер адам арақ ұрламақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Орал қалалық ІІБ басшысы Манарбек Ғабдуллинге сілтеме жасап.
"Екі ер адам кешке қарай кездейсоқ кездесіп қалған. Олар мұны атап өтпек болады. Түнде арақтары таусылып қалып, басқасын сатып алуға қаражат таппаған. Олардың бірі көшеге шығып, кездескен дүкеннің терезесін қағып көрген. Ішінде ешкім жоқ екеніне көзі жеткен ол терезенің әйнегін оң қолымен сындырып, ішіне кірмек болады. Дегенмен терезенің торына қыстырылып қалады. Осы кезде патрульдік полиция қызметкерлерін көріп қалған олардың бірі қаша жөнелген. Ол ұсталды. Екіншісін терезеден шығарып алуға тура келді", - деді Ғабдуллин.
Екі күдікті де бұрын сотты болған. Ұрлыққа түспек болған 27 жастағы жігіт бұған дейін де осы әрекеті үшін сотталған, ал оның 30 жастағы серіктесі есірткі сақтағаны үшін сотты болған. Екеуі де жұмыссыз. Қазір күдіктілер Орал ІІБ-не жеткізілді. "Алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, 15 қыркүйекте полицейлер дүкенге тере арқылы кірмек болып, торға қыстырылып қалған ұрыларды ұстағаны хабарланған болатын.