29 қыркүйек 2020 | 17:03

Оралда тыйым салынған кітаптарды сатқан қыз ұсталды

Фото: Depositphotos.com

Оралда 17 жастағы қыз Instagram желісі арқылы тыйым салынған кітаптарды сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда 17 жастағы қыз Instagram желісі арқылы тыйым салынған кітаптарды сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласының кәмелетке толмаған тұрғынынан экстремистік мазмұндағы тыйым салынған кітаптарды тәркіледі.

Реклама
Реклама

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тыйым салынған кітаптарды сату фактісі әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталған. Жасөспірім кітаптарды Instagram әлеуметтік желісі арқылы сатқан.

"Кітаптар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қыздың анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490-бабы ("Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция жыл басынан бері діни қызмет туралы заңды бұзғаны үшін 19 адам жауапқа тартылғанын атап өтті.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490-бабы бойынша жеке тұлғаларға 50 АЕК, заңды тұлғаларға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная