Оралда дүкен тонамақ болған ұрылар күтпеген оқиғаға тап болды, - деп хабарлайды "Мой Город" басылысы.
Оралда дүкен тонамақ болған ұрылар күтпеген оқиғаға тап болды, - деп хабарлайды "Мой Город" басылысы.
Басылымның мәліметінше, полицейлер 15 қыркүйек күні таңғы сағат 4.00 шамасында көшеде жүгіріп бара жатқан ер адамды байқап қалады. Ер адамның ізінен ерген полицейлер дүкеннің терезесіне қыстырылып қалған тағы бір адамды көреді - оның жарты денесі дүкеннің сыртында, ал денесінің жоғары жағы дүкеннің ішінде тұр. Дүкенді тонау үшін терезе арқылы кіргісі келген ер адамның әйнекті сындырып, дегенмен терезе сыртындағы торға жартылай қыстырылып қалғаны анықталды.
Терезеге қыстырылып қалған ұрыны шығарып алу мүмкін болмады - ол не ары, не бері қозғала алмады. Полицейлер ТЖД қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды. Мамандар ұрыны арнайы құралдың көмегімен ғана шығарып алды. Оқиға орнына жедел-жәрдем қызметкерлері де келді.
Айта кетейік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі ер адамды да ұстады. Полицейлер дүкеннің иесі келгенге дейін ұрыларды суретке түсіріп үлгеріпті.