Оралда зейнеткерді өлтірді деген күдікті видеоға түсіп қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 725
comments icon 0
Видео кадры Видео кадры

Полицейлер 72 жастағы зейнеткер өлі табылған үй маңында түсірілген видеоны жариялады. Тәртіп сақшылары  мәліметінше, ондағы белгісіз әйелдің қылмысқа қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер 72 жастағы зейнеткер өлі табылған үй маңында түсірілген видеоны жариялады. Тәртіп сақшылары  мәліметінше, ондағы белгісіз әйелдің қылмысқа қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті 9 наурызда кешке Зачаганск ауылында пышақ жарақатын алған 72 жастағы әйел өлі табылғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Күдіктіні іздеу бойынша барлық шара жүргізіліп жатыр. Ол - 35-45 жас шамасындағы бір аяғын сылтып басатын әйел. Оны танығандар болса, құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз", - деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Полиция анонимділікке кепілдік берілетінін хабарлады.

Еске салайық, оқиға кезінде әйел жекеменшік үйде жалғыз болған. Марқұмның сырғасы, неке жүзігі жоғалған. Үйдегі қалған заттар орнында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная