11 наурыз 2022 14:08

Оралда белгісіз біреулер зейнеткерді пышақтап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Оралда белгісіз біреулер 72 жастағы әйелді өлтірді. Зейнеткердің денесі өз үйінде көптеген пышақ жарақаттарымен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда белгісіз біреулер 72 жастағы әйелді өлтірді. Зейнеткердің денесі өз үйінде көптеген пышақ жарақаттарымен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қанды қылмыс туралы Желі қолданушылары хабарлады. Мессенджерлерде зейнеткерді өлтіру туралы аудиохабарламалар таратыла бастады. Әйелдің үйде жалғыз болғаны атап өтілген.

Полиция қылмыскерлерді табуға бар күшін салғанын жеткізіп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді. 

"9 наурызда сағат 18:30-да Зачаганск кентінің жеке секторындағы үйлердің бірінен 1950 жылғы әйелдің мәйіті табылды. Қылмыскерлер қайтыс болған зейнеткердің мойын тұсын бірнеше рет пышақтаған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы аса ауыр қылмыстың артында кім тұрғанын анықтау үшін бар күш-жігерін салады. Қазірдің өзінде қылмысқа қатысы бар адамдардың тізімі пысықталуда. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети