Оралдағы жұмбақ өлім: Қаза тапқан шенеунікке қатысты істің жантүргішерлік жай-жапсары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы жұмбақ өлім: Қаза тапқан шенеунікке қатысты істің жантүргішерлік жай-жапсары белгілі болды © uralskweek.kz

Оралда Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Комитеттің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекшісі Файзулла Төлегеновтің жұмбақ өлімі туралы іс сотқа түсті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Комитеттің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекшісі Файзулла Төлегеновтің жұмбақ өлімі туралы іс сотқа түсті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

61 жастағы шенеунік 2016 жылдың 24 мамырында өлі табылған еді. Оның денесінде зорлық белгілері болған. Алайда сот-медициналық сарапшы ер адам миокард инфарктынан қайтыс болды деген шешімге келген еді. 

Тергеу тоғыз айға жалғасты. Марқұмның отбасы Бас прокуратураға хат жазғаннан кейін тергеушілер мәйітті эксгумациялаған. Қайта жасалған сараптамадан ер адамның ауыр дене жарақаттарының салдарынан туған тыныс алу жолы асфиксиясынан қаза тапқаны анықталған.

Өткен аптада адам өлтірді деген күдікпен мемлекеттік инспекцияда жұмыс істеген күдікті Тілек Химедденов уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Марқұмның туыстары күдіктілердің ішінде тағы бір адам бар деп отыр. Айтуларынша, ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Комитеттің дәнді дақыл бөлімінің басшысы Ержігіт Қобылан.

"Мен күйеуімнің өлімі жайлы кешкі сағат 21.00-де білдім. Үйге келгенімізде, пәтерде полицейлер жұмыс істеп жатты. Полиция формасын кимеген біреу туыстарды пәтерге кіргізбей жүрген. Кейін туыстарымыз оның полицей емес екенін анықтады, сөйтсек ол күдіктінің басшысы Ержігіт Қобылан болып шықты. Полицейлер келмей тұрып, үш сағат ішінде үйде еден жуылып, ыдыс-аяқ жиналған, қоқыс шығарылған, яғни қылмыс ізін жасырған", - деді марқұмның жесірі Дина Төлегенова.

"Уральская неделя" редакциясы Ержігіт Қобыланнан оқиғаның қалай болғанын сұраған, алайда ол тілшімен сөйлесуден бас тартыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети