10 қазан 2020 | 14:04

Оралдағы ерлі-зайыптының өліміне қатысты соттың шешімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты үкім шығарды. Өртенген көлік олар жоғалғаннан кейін бір аптадан кейін табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты үкім шығарды. Өртенген көлік олар жоғалғаннан кейін бір аптадан кейін табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуірдің ортасында ауыр қылмыс жасаған екі күдікті ұсталған болатын. Олар Орал қаласының тұрғындары болып шықты - 27 жастағы Владимир Колыванов пен 43 жастағы Алексей Черняков. Полиция тергеушілер қайғылы жағдайдың нақты көрінісін анықтай алғанын айтты. 

"26 наурызда азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар күдіктілердің біреуінің әкесіне қонаққа келді. Ол Бәйтерек ауданының Колесово ауылында тұрған. Олар жанжалдасып, Колыванов пен Черняков жәбірленушілерді соққыға жыға бастаған. Жәбірленушілерді көлікке салып, Чаган өзенінің жағасына алып кеткен. Онда күдіктілер ер адам мен әйел адамды найзалы күрекпен ұрып, олардың денелерін көміп, көлікті өртеп жіберді", - деді БҚО Полициясының жеке адамға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің басшысы Руслан Усиев. 

Алексей Черняков 23 жылға, Колыванов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Полиция БҚО-да ағымдағы жылдың басынан бері 23 кісі өлтіру дерегі тіркеліп, оның 22-сі ашылғанын айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети