ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2022 | 15:24
Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталған сәттің видеосы жарияланды
Полицейлер оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деген күдіктілердің ұсталу сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полицейлер оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деген күдіктілердің ұсталу сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрларда үй ауласында екі ер адамның қолдары кісенделіп, жерде жатқанын көруге болады. Олардың қасында полиция арнайы бөлімшесінің бірнеше қызметкері тұр. Кейін күдіктілерді арнайы көлікпен алып кетеді.
Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадион тұрағынан табылған болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерге кафеде шабуыл жасалғаны анықталды. Кейінірек күдіктілердің жеке басы анықталды, олар - кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.
Полицейлер Оралдан шығатын және кіретін жолдарды тексерген, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексерілген. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылған.
Оралдағы кәсіпкердің өлімі: күдіктілер ұсталды
Артынша оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған еді. Кадрда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенет жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше, қайтыс болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также