07 тамыз 2022 09:48

"Бірнеше жерден пышақ салған". Оралда белгілі кәсіпкерді біреулер өлтіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mgorod.kz сайтынан Фото mgorod.kz сайтынан

Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі болған белгілі кәсіпкер қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі болған белгілі кәсіпкер қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Қайғылы оқиға 6 тамызда сағат 20.00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық саябақ пен П. Атоян атындағы стадионның автотұрағында 49 жастағы ер адамды біреулер бірнеше жерден пышақтап кеткен. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Күдікті анықталды, бірақ әлі ұсталған жоқ.

"Бүгін сағат 20:00 шамасында стадионға кіреберістің алдында көптеген пышақ жарақаты бар кәсіпкердің мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына ("Адам өлтіру") сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ауыр қылмыс жасады деген күдіктінің аты-жөні анықталды, дәлірек айтсақ, бір адам анықталды. Қылмыстың куәгерлерін анықтау шаралары, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр", - деді Абай полиция бөлімінің бастығы Самат Аисов.

Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмаған. 


Фото mgorod.kz сайтынан

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети