"Ордабасының" бұрынғы басшылығы бюджет қаражатын жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ордабасының" бұрынғы басшылығы бюджет қаражатын жымқырған Фото sport.nur.kz сайтынан

Қаржы полициясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "Ордабасы" футбол клубының бұрынғы директоры Бақыт Байбутаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ағымдағы жылы наурыздың 30-ы күні қаржы полициясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "Ордабасы" футбол клубының бұрынғы директоры Бақыт Байбутаев пен Бартекеев деген азаматқа қатысты қылмыстық істер қозғалды", - делінген ресми хабарламада. Оған сәйкес, Б.Байбутаев директор қызметін атқарған кезде, Бартекеевті бапкер ретінде жұмысқа алған. Алайда ол өзіне жүктелген қызметті тек шартты түрде ғана атқарып жүрді. Сосын оны менеджерге дейін көтерді. Сөйтіп, Б.Байбутаев мырзаға 2007 жылы сәуір-маусым айларында, сондай-ақ 2007 жылдың қарашасы мен 2008 жылдың қараша айы аралығында Бартекеевтің есеп-шотына ақшаны заңсыз аудару арқылы 1,2 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. 

Бұдан бөлек, "Ордабасы" футбол клубының бұрынғы президенті Евгений Шкаринге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол Бартекеевтің бапкер ретінде жұмыс істемегенін біле тұра, тиісті табельдерді толтырғаны үшін айыпталып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети