Органдарын сатуға мәжбүрлеу: ІІМ 15 істің жай-жапсарын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Органдарын сатуға мәжбүрлеу: ІІМ 15 істің жай-жапсарын ашты Фото:depositphotos.com

Қыркүйектің басында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева жыл басынан бері Қазақстанда донорлық органдармен сауда жасау туралы 15 қылмыстық іс тіркелгенін айтты. ІІМ бұл істердің егжей-тегжейін ашып, әңгіме тірі адамдардың органдары туралы екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, барлық 15 қылмыстық іс Қылмыстық кодексінің 116-бабы "Адам ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" бойынша тіркелген. Алайда, орган саудасына күдіктілердің арасында медициналық ұйымдардың өкілдері бар-жоғы нақтыланбаған.

"Барлық деректер тірі адамның органдарына қатысты заңсыз мәмілелер жасаумен байланысты. Адам органдарымен сауда жасау кезінде бастамашылар материалдық жағдайды жақсарту үшін ішкі органдарын сатуға шешім қабылдаған азаматтардың өздері де, өзімшіл мақсаттарды көздейтін делдалдар да өз органдарын сатқысы келетіндерді іздеу, сондай-ақ трансплантацияны қажет ететін және оны сатып алуға дайын реципиенттерді іздеумен айналысатыны анықталды"- деді ІІМ өкілдері.

Ведомство "органдарды (органның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) транспланттауға және оларды алып қою шарттарына" "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 209-бабына сәйкес адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бір бөлігін) сатып алуға-сатуға тыйым салынатынын және Қылмыстық Кодекстің 116-бабына сәйкес заң бойынша қудаланатынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети