Ресейлік екі кәсіпкерді өлтірген қазақстандық 23 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Openinform.ru Орынбор облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Ресейлік екі кәсіпкерді өлтірген қазақстандық 23 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Openinform.ru Орынбор облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс материалдары бойынша, 2015 жылы қаңтарда және наурызда Ресейде көлік сатумен айналысатын 27 жастағы қазақстандық Руслан Мақсатов заңсыз валюта кәсібімен айналысатын бұрынғы екі танысын өлтірген. Екеуі де қаскөй мінген автокөліктің ішінде травмат тапаншаның оғынан қайтыс болған.
Екінші қылмысты Мақсатов өз жерлесімен (халықаралық іздеуде жүрген) бірге жасаған.
Екі мәйіт те қаланың шетіне шығарылған. Олар құрбандарының қалтасынан шыққан ақшаны алып қалған. Кейін Мақсатовты жедел әрекет ету қызметі ұстаған.
Қазақстандық азаматты "Денсаулығына ауыр жарақат келтіріп, аса ірі көлемде қарақшылық жасау" және "Екі немесе одан көп адамды өлтіру" баптары бойынша сот кінәлі деп тапты. Ол 23 жыл бас бостандығынан айырылды.
Ол жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейді. Апелляциялық сот алдыңғы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.