15 маусым 2015 | 11:25

Өскеменде 30 жастағы жүргізуші есірткіге мас күйінде көлік басқарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ngs55.ru © ngs55.ru

Өскеменде 30 жастағы жүргізуші есірткіге мас күйінде көлік басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде 30 жастағы жүргізуші есірткіге мас күйінде көлік басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен полицейлері Lada Granta көлігін тоқтатып, жүргізушінің күмәнді әрекетерін байқады. Кейін сараптама оның көлік құралын есірткіге мас күйінде басқарғанын көрсетті. Сонымен қатар, Глубокое ауданының 30 жастағы тұрғынының бұған дейін мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

"Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оған қатысты ҚР ҚК 346-бабына сәйкес қылмыстық өндіріс қарастырылды, бұл бап бойынша айыпты 500 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегіледі немесе 90 тәулікке дейін қамалады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушісінің марихуана шегіп, тізгінге отырғаны хабарланған болатын. Ол бұл іске жұмысының ауырлығынан және алкогольді ішімдікті ішуге болмайтындықтан барғанын айтты. Тәртіп сақшылары №29 бағыттағы микроавтобуспен марихуананың уытына мас күйде адам тасымалдаған жүргізушіні ұстады. Оның жаяу жүргінші жолында зейнеткерге жол бермей, өте шыққаны үшін тоқтатылғаны белгілі болды. 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети