22 шілде 2022 10:23

Өскеменде алаяқ көршісін алдап, үйін сатып жіберген

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде әйел психикалық ауытқуы бар көршісін алдап, үйін сатып жіберген. Алаяқ 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Өскеменде әйел психикалық ауытқуы бар көршісін алдап, үйін сатып жіберген. Алаяқ 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер мәліметінше, әйел жетім және ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегімен көрші болған. Оның психикалық дамуы тежелген. Интернатта тұрғанда ақша жинаған - шотқа асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы салынған. Бұл қаражат Өскемен қаласының орталығында шағын отбасылық жатақханадан бір бөлме алуға жеткілікті болады. Жастар үйінің өкілдері көршісінен жігітке қарауды өтінген, бірақ әйелдің басқа жоспары болған.

"Ол жігіттің көп мөлшерде қарызы бар деп алдаған. Нәтижесінде, алаяқ жолмен оның атына сенімхат жазып, тұрғын үйді сатып, одан түскен ақшаны сыбайласымен бөлісіп алған. Сонымен қатар, жігіттің банк картасын иемденіп, мүгедектік бойынша түскен жәрдемақыны 114 мың теңгені жымқырған", - делінген хабарламада. 

Алаяқты полиция банкоматтың бақылау камералары арқылы анықтады. Сот әйелді екі бап бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды: ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы "Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену" және ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі "Ірі мөлшердегі алаяқтық".

"Қазір сотталғанмен Левобережный ауданының пробация қызметі психологтары жұмыс істеп жатыр. Ол 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешім қабылдау кезінде оның асырауында балалары бар екенін ескерді. Сотталушыға пробация қызметіне хабарламай тұрақты тұрғылықты жері мен жұмысын ауыстыра алмайтыны түсіндірілді. Жазаны өтеу мерзімінің тәртібі бұзылған жағдайда жазаны қатайту қаупі төнеді", - дейді Левобережный ауданы бойынша пробация қызметінің аға инспекторы Алуа Камитова.

Бұған дейін Петропавлда қарақшы зағип зейнеткерге шабуыл жасаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети