23 желтоқсан 2021 | 10:50

Өскеменде алматылық қыз есірткі өндірісін ашпақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық қыз Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін ашпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық қыз Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін ашпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ІІМ мен прокуратура бірігіп Өскемен қаласында синтетикалық есірткілерді өткізу арнасын, есірткі зертханасын жойған.

"Рефлекс" арнайы операциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 120 грамм "альфа-pvp" психобелсенді зат тәркіленген жергілікті тұрғынды ұстаған. Ол есірткіні оған Алматы қаласынан бір әйел үшінші тұлғалар арқылы жолдап отырғанын көрсетті. Кейіннен ол анықталған.

Желтоқсанның басында ол есірткі өндірісін ұйымдастыру үшін Өскеменге келген, ол үшін жабдықтар мен химикаттарды Алматы қаласынан жеке заттар ретінде жіберіп отырған. Күдікті әйел пәтер жалдап, синтетикалық есірткі өндірісіне кіріскен. Оның қылмыстық әрекетке қатысуы туралы дәлелді базаны бекіткеннен кейін ол ұсталған. Жалға алынған пәтерді тінту барысында әрқайсысы 0,3 граммнан "альфа-pvp" бір реттік 100 доза, сондай-ақ дайын есірткі табылды.

Барлығы 62 грамм синтетика алынды, ол аса ірі мөлшердегі есірткі. Сонымен қатар, пәтерде өндірістің соңғы сатысына дайындалған алты литр есірткі ерітіндісі, бес литр прекурсор, сондай-ақ, күдікті есірткіні өндіру және өлшеп-орау кезінде пайдаланған газқағары, электр плитасы, электрон таразы, 150 орама изолента, термоқаптарды орау, зип-пакеттер табылған.

Осылайша, жедел қызметкерлердің қабылдаған шаралары арқасында дайын есірткінің 200-ге жуық бір реттік дозасы және үш келіден артық синтетика өндіруге жарайтын алты литр сұйық түріндегі есірткі заңсыз айналымға жіберілген жоқ.

Ұсталғанға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети