Өскеменде атыс: Полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді

22 Қазан 2018, 15:21
0
Өскеменде атыс: Полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді - © yk-news.kz
© yk-news.kz

Полицейлер Өскемен орталығында атысқа не себепші болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бұл амалсыз шара болды", - деді полиция баспасөз қызметінің өкілдері. 

Оқиға 19 қазанда болған. Оқиғаның куәгерлері ұстау кезінде түсірілген видеолар мен суреттерді жариялап, полицейлердің бірнеше адамды ұстағанын және оқтардың атылғанын естігендерін айтты. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі ұсталғандардың біреуі жарақат алды деп топшалады. 

ШҚО Ішкі істер департаментінің өкілдері бір адамның жарақат алғаны туралы мәліметті растады.

Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бауыржан Омаровтың айтуынша, қызметкерлер Ворошилов көшесін патрульдеу кезінде екі ер адамның жанжалдасып тұрғанын байқаған. Осыдан кейін біреуі екіншісіне пышақпен шабуылдаған. 

"36 жастағы ер адамды ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарай қарумен беттеген. Полицейлер ескерту ретінде ауаға оқ атқан. Осыдан кейін ер адамды ұстаған", - деді Омаров. 

Жарақат алған 47 жастағы ер адам ауруханаға дереу жеткізілген. 

Шабуыл жасаған ер адам уақытша қамау изоляторында жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша жүргізіліп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай