23 сәуір 2016 | 09:58

Өскеменде болған 14 жастағы оқушының жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медет Маратов Медет Маратов

Өскеменде өлі күйінде табылған 14 жастағы Медет Маратовтың туыстары оның өліміне қатысты болжам жасады. Олардың айтуынша, мектеп оқушысын қыз үшін өлтірген, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде өлі күйінде табылған 14 жастағы Медет Маратовтың туыстары оның өліміне қатысты болжам жасады. Олардың айтуынша, мектеп оқушысын қыз үшін өлтірген, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Жоғалып кетердің алдында Медет сыныптасын сабақтан кейін үйіне шығарып салады. Туыстарының айтуынша, бұл көшедегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Осыдан кейін баланы ешкім көрмеді.

"Бұл анық кісі өлімі. Себебі Медеттің денесіне алты рет пышақ сұғылған, ал басына соққы жасалған. Біз мұны кімнің, не үшін жасағанын әзірше білмейміз. Медет өте сабырлы, ұстамды бала болды. Футболға қызығатын, мектептен кейін бірден үйге келетін еді. Ал бұл жолы қайта оралмады..., - деді Медеттің туысы - Эльнура Жұмағұлова. - Оны осылай жазалайтындай кішкентай баланың не істеп қойғанын білмейміз! Оқиға болардың алдында Медеттің қызыл түсті көліктің жүргізушісімен сөйлесіп тұрғанын сыныптастары көрген. Сабақтан кейін ол сыныптас қызды үйіне апарып тастапты. Сол қыз бірдеңе білуі мүмкін. Қыздың кәмелеттік жасқа толмауынан одан бірдеңе сұрап білу қиын. Дегенмен полицейлер оның туыстарымен, өзімен сөйлесіп жатыр. Мүмкін оның бұрынғы жігіті Медеттен қызғанған болар...".

Еске салайық, 20 сәуір күні Прапорщиково ауылындағы сегізінші сынып оқушысы Медет Маратов үйіне оралмаған болатын. Келесі күні оның денесі табылды. Жантүршігерлік өлімнің мән-жайын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Оқушының өліміне қатысты қозғалған істі ШҚО ІІД бақылауға алды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети