Өскеменде ер адам көршісінің итін жеп қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде ер адам көршісінің итін жеп қойған

Өскемен тұрғыны көршісінің итін жеп қойғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен тұрғыны көршісінің итін жеп қойғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, Өскемен тұрғыны отын алып келу үшін таңғы уақытта үйден шығып кеткен. Қайтып келе жатқанда көршілерінің итін көрген. Ит болса ер адамға қарай жүгіре бастаған. Ер адамның итті бірден үйіне алып кеткені айтылады.

Сот отырысы барысында ер адам итті ұрлап әкетіп, жеп қойғанын, ал терісін қақпасының аумағына лақтырып жібергенін мойындады. Ол кінәсін толықтай мойындап, өз әрекеті үшін өкінді. Осылайша, ол иттің иесіне 30 мың теңге көлемінде шығын келтірді.

Соттың шешімімен ер адам айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы соттың үкіміне шағым түсіре алады, себебі сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети