Өскеменде елордалық ерлі-зайыпты ірі көлемде синтетикалық есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскеменде елордалық ерлі-зайыпты ірі көлемде синтетикалық есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыпты Өскеменде синтетикалық "скорость" есірткісінің 500 дозасын сатпақ болған.
Бұл жоспарын жүзеге асыру үшін 32 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел қыркүйектің басында облыс орталығына келіпті. Олар арнайы операция барысында ұсталған.
Полицияның мәліметіне сәйкес, күдіктілер синтетикалық заттардың көтерме партиямен сатып алған. Кейін оларды кішігірім дозаға бөліп, жасырын түрде сатқан.
"Күдіктілерді тінту барысында 150 грамнан астам психотропты зат тәркіленді. Бұл - 500 дозаға тең есірткі. Оның көлеңкелі нарықтағы құны 4 миллион теңгеден асады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары өлшеуге арналған құрылғылар мен дозаны орауға арналған құрылғыларды тәркіледі", - дейді ШҚО полиция департаменті басшысы Сағат Мәдиев.
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу басталған. Егер сотта ерлі-зайыптының кінәсі дәлелденсе, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!