Өскеменде ғашық жұп өздеріне пәтерін жалға берген зейнеткерді өлтіріп кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Өскеменде ғашық жұп өздеріне пәтерін жалға берген зейнеткерді өлтіріп кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Басылымның мәліметінше, аттары аталмай отырған қыз бен жігіт облыс орталығындағы үйлердің бірінде түнеп шыққысы келеді. Үйдің егде жастағы иесі оларға кілтін береді. Түнеп шыққаннан кейін екі жас таңертең үйді қайтадан өткізеді. Бірақ олар үйдің кіреберісінен шыға бергенде ер жігіт сүйіктісіне әжені өлтіріп, үйін тонап кету туралы ұсыныс айтады. Қыз оған келіскен.
Жастар зейнеткерді үйге шақырған. Ол пәтерге кірген сәтте-ақ жігіт пен қыз оны кабель сымымен қылғындыра бастайды. Ал бұл сәтте қызы құрбанның аузы мен мұрнын жабады. Сөйтіп, олар зейнеткерді қылғындырып өлтіреді. Бұдан кейін олар жансыз денені байлап, оның екі ұялы телефонын алып, пәтердің кілтін алып кетеді. Айта кетейік, олар өз іздерін жасыру үшін кір жууға арналған ұнтақты сеуіпті.
Зейнеткердің күйеуі Ресейде тұратын баласына кетіп қалған екен. Ал бұл уақытта қаныпезерлер Семейге кетіп, баспана жалдап үлгеріпті. Алайда қайтыс болған әйелдің баласы екі күн өткеннен кейін болған оқиға жайлы құқық қорғау органдарына хабарлайды.
Бұл кезде полиция тергеуді бастайды. Олар жоғалған екі ұялы телефонның қайдан белгі беретінін анықтаған. Олардың бірі Семейде табылыпты. Ал криминалистер қылмыс болған жерде жігіттің саусақ іздерін тапқан. Құқыққорғаушылар оның қайда тұратынын анықтап, ұстайды. Ер адам өзінің қылмысын мойындаған. Кейін полицейлер оның қызын ұстау үшін қулыққа барады. Бастапқыда жедел уәкілдер оған хабарласып, досының арақ ішіп отырған жерінде ұсталғанын айтады. Бірақ қыз түн болғандықтан бара алмайтынын ескертеді, сөйтсе де, полицейлер оның үйіне барып, ұстағаны белгілі болды.
Басылымның мәліметінше, ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша, ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылдығ ол қатаң режимдегі колонияда өтейді, ал оның сүйіктісі жалпы режимдегі колонияда 16 жылды өтейді. Апелляциялық алқа бірінші инстанциядағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.