09 сәуір 2015 | 11:07

Өскеменде жеңгетайлықпен айналысты делінген такси қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©yk-news.kz ©yk-news.kz

Өскеменде ШҚО ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының жедел іздестіру тобының қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысты делінген такси қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде ШҚО ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының жедел іздестіру тобының қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысты делінген такси қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жедел іздестіру тобының мәліметінше, 34 жастағы ер адам ұсталған кезде оның 7 мың теңгесі тәркіленді. Мұнымен қатар, оның қорқытып, үркіту арқылы әйелдерді интим қызметін ұсынуға мәжбүрлегені белгілі болды. "25 және 30 жастағы келіншектер ер адамның оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтып, арызданды", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары 34 жастағы ер адамға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Павлодарда кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топ басшысының сотталғаны хабарланған болатын. Қылмыстық қадағалау органы таратқан мәлімет бойынша, қылмыстық топтың 30 жастағы жетекшісі "Ұйымдастыру және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұстады" және "Жеңгетайлықпен айналысты" секілді бірқатар бабтар бойынша кінәлі деп табылған. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети