Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Өскеменде жігіт танысуға келісімін бермеген қызға үстел лақтырған 23 тамыз 2016, 11:27

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Өскемен қаласының тұрғыны 23 жастағы жігітті қамауға алған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© idrive.kz © idrive.kz

Қала кафелерінің бірінде жас жігіт өзімен таныспай қойған қызға үстел лақтырған, - деп хабарлайды YK-news.kz Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 17 тамызда түнгі бір жарымдарда болған. Кафеде жас жігіт 22 жастағы қыз балаға танысуды ұсынған. Қыз танысуға келісім бермеген кезде, жігіт қызға қарай үстел лақтырып жіберген. Жәбірленуші полицияға хабарласқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Өскемен қаласының 23 жастағы тұрғынын қамауға алған. Қыздың жағдайы туралы мәлімет жоқ.


Join Telegram