Өскеменде жұмысшыларға жалақы қарыз болған бизнесмен кісі өлтірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Өскеменде ЖШС директоры таксистің машинасын иеленіп, қызметкерлерге қарыз жалақыны қайтару үшін кісі өлтірген, - деп хабарлайды YK-news.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде ЖШС директоры таксистің машинасын иеленіп, қызметкерлерге қарыз жалақыны қайтару үшін кісі өлтірген, - деп хабарлайды YK-news.kz

Қылмыстың мақсаты таксист Азамат Ыбыраевтың Daewoo Nexia автокөлігін тартып алу болған. Жолаушы Семен Антонов қала іргесіндегі Куленовка ауылында таксиде келе жатып жүргізушіге шабуыл жасайды. Машина тоқтаған кезде артқы орындықта отырған ол жүргізушіге пышақ салмақ болады, бірақ Ыбыраев қарсылық көрсетіп, Антоновтың мұрнын сындырады. Дегенмен Антонов таксисті ауыр жарақаттап үлгереді, зардап шегуші қашып кетеді.

Антонов рульге отырып, кетіп қалады. Қатты толқыған ол көлікті басқара алмай, жол жиегіне ауып кетіп, үйіне балшыққа батқан күйі оралады. Ал ауыр жараланған Ыбыраев кездескен адамдардан көмек сұрайды. Екі ер адам оған "жедел жәрдем" шақырады. Дегенмен дәрігерлер оны құтқарып қала алмады, ол ауруханада екі күннен соң қайтыс болды.

Антонов төтенше оқиғадан кейінгі күннің ертесіне ұсталды. Кәсіпкердің фирмасы қарызға белшеден батқан болып шықты. Жұмысшылар екі ай бойы жалақы алмаған. Басшы таксистің машинасын сатып, жұмысшылар алдындағы қарызынан құтылу үшін кісі өлтіруді ойластырған. Сот оған мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Айта кетейік, Өскемендегі кісі өлтіру дерегі туралы бұл ақпаратта фамилиялардың бәрі өзгертілді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro